10 тамыз — Абай күні. Ұлы ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Оқитын өңір» жобасы аясында Белоградов ауылдық округінің кітапханасында Абай шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінің мақсаты — оқырмандарға Абайдың бай әдеби мұрасын таныстыру, ақынның өлеңдері мен қара сөздерін насихаттау, ұлттық рухани құндылықтарға деген қызығушылықты арттыру.
Көрме барысында оқырмандар ұлы ойшылдың өмірі мен шығармашылығына арналған әдебиеттермен, өлеңдер жинақтарымен және «Қара сөздерімен» танысты.
Абайдың әрбір шығармасы адамды білімге, еңбекке, ізденіске, адамгершілікке және өзін-өзі дамытуға үндейді. Оның даналығы бүгінгі ұрпақ үшін де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
Абай мұрасы — мәңгілік қазына, ұрпаққа қалдырылған асыл аманат! 📖✨
Кітаппен бірге – болашаққа!
#АбайКүні #ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #БиблиотекиТимирязево

14.08.2026
Қаралым саны: 9
Қаралым саны: 9