Дмитриевка ауылдық кітапханасы құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында ауыл тұрғындары арасында «Жолдау — халық қолдауында» атты ақпараттық сағат өткізді.
Бұл Жолдау — қазақ қоғамы мен экономикасының жаңғыруына бағытталған нақты да тиімді қадамдардың жиынтығы. Аграрлық экспортты кеңейту, цифрландыру және энергетикалық әртараптандыру — еліміздің стратегиялық тұрғыдан маңызды бастамаларының бірі. Әсіресе цифрлық жүйелерді дамыту мен банк секторын экономикалық үдерістерге белсенді тарту — ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанның экономикалық дербестігі мен инновациялық әлеуетін арттыруға зор үлес қосады.
07.10.2025
Қаралым саны: 96
Қаралым саны: 96



