Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Оқитын ұлт» акциясы аясында «Жазды қызықты кітаппен өткіземіз» атты тәлімдік сағат өткізілді. Іс-шара барысында балаларға түрлі ертегілер оқылып, олардың мазмұны талқыланды. Сонымен қатар, балалар үйлеріне оқуға кітаптар алды.
Қатысушыларға кітап оқудың пайдасы туралы кеңінен мағлұмат берілді. Саналы ұрпақ – еліміздің болашағы. «Кітап оқы, санаңды аш, болашағыңды жарқын ет!» деген ұран аясында кітаптың ақылдың кені, білімнің қайнар бұлағы екені түсіндірілді.
Іс-шараның мақсаты – жас ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және оқитын ұрпақ тәрбиелеу.
27.07.2026
Қаралым саны: 27
Қаралым саны: 27


