Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Жасанды интеллект – уақыт талабы» атты ақпараттық сағат ауыл тұрғындары арасында өткізілді.
Іс-шара барысында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оларды түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» тақырыбы кеңінен талқыланды.
Президенттің Жолдауы еліміз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын маңызды белес екені атап өтілді. Мемлекет басшысы өз сөзінде Қазақстанның болашағын айқындайтын стратегиялық бағыттарды жан-жақты саралап көрсетті.
Жолдауда жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне ерекше назар аударылды. Президент атап өткендей, жасанды интеллект – бұл жай ғана технология емес, ол экономиканың, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының тиімділігін арттыратын маңызды құрал. Бүгінде жастар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Сонымен қатар, «Жастар Рухы» ұйымы цифрлық бастамаларды ілгерілетіп, қазақстандық жастарды заманауи дағдыларға үйретуге белсенді түрде атсалысып келеді.
Сондай-ақ экологиялық мәселелерге де үлкен мән берілді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы болашақ ұрпақ үшін таза әрі салауатты ортаны сақтауға бағытталған жалпыұлттық міндетке айналуда. Бұл бағытта жастар ұйымдары мен еріктілер жүйелі түрде жұмыс жүргізуде.
Жолдауда саяси реформаларға да айрықша көңіл бөлінді. Мемлекет басшысы бір палаталы Парламентке көшу мәселесін көтерді. Бұл бастама заң шығару қызметінің тиімділігін арттырып, қоғамның мемлекеттік институттарға деген сенімін нығайтуға бағытталған. Мұндай қадам еліміздің саяси тарихында жаңа парақ ашары сөзсіз.

Қаралым саны: 21


