«Жасанды интеллект – болашақ технологиясы» тақырыбында ақпарат сағаты ұйымдастырылды. Іс-шара Дмитриевка ауылдық кітапханасында өтті. Қазіргі қарқынды дамыған заманда серпінді технологиялар түрлі салаға кеңінен еніп жатыр. Адам ресурстарын басқару саласына да жасанды зерде мүмкіндіктері енгізілуде.
Іс-шараның мақсаты – оқырмандарға жасанды интеллект ұғымы туралы түсінік беру, оның қазіргі қоғамдағы және болашақтағы маңызын таныстыру.
Шара барысында жасанды интеллекттің қолдану салалары, оның адам өміріне тигізер пайдасы мен ықтимал қауіптері жөнінде ақпарат берілді.
Іс-шара соңында қатысушылар жасанды интеллекттің заман талабына сай маңызды бағыт екенін атап өтіп, оны дұрыс әрі тиімді пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Іс-шара жоғары сынып оқушыларымен өткізілді.
Қаралым саны: 26

