Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Жаңа конституция – жаңа қазақстанның негізі

Жаңа конституция – жаңа қазақстанның негізі

«Жаңа конституция – жаңа қазақстанның негізі» атты ақпарат  сағатын Дмитриевка ауылдық кітапханасы  әкімшілік қызметкерлер арасында өткізді. 

Конституция – еліміздің ең басты заңы, тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің және тұрақты дамуымыздың берік тірегі. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтіп, заң үстемдігін нығайтуға және әділетті қоғам құруға бағытталған.

Әрбір азамат Конституцияны құрметтеп, заң талаптарын сақтай отырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Ата Заңды қастерлеу – Отанға деген құрметтің, азаматтық жауапкершіліктің және жарқын болашаққа деген сенімнің белгісі.

 

 

02.07.2026
Қаралым саны: 4