Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Жаһандық еріктілер жылы – 2026 жыл» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2026 жыл Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясы тарапынан Халықаралық волонтерлер жылы деп жарияланды. Бұл — еліміздің жаһандық деңгейдегі гуманитарлық бағыттағы кезекті тарихи жетістігі.
Волонтерлік қызмет — Әділетті Қазақстанды бірге құрудың маңызды тіректерінің бірі. Мемлекет басшысы «Еріктілер жылы» адамгершілік пен жанашырлықты ту ететін жыл екенін ерекше атап өтті. Волонтерлер — қоғамдағы сенім мен серіктестікті нығайтатын шынайы патриоттар.
Алдағы уақытта Достастық елдерінің волонтерлер форумы ұйымдастырылмақ. Алғашқы форум биыл Астана қаласында өтеді. Қазіргі таңда Қазақстанда 300 мыңға жуық волонтер, сондай-ақ 810 ресми волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Олар қарттар мен балалар үйлеріне көмек көрсетуден бастап, құтқару жұмыстары мен оқыту жобаларына дейін түрлі салада белсенді қызмет атқарып келеді.
Жақсылық жасауға ұмтылатын жастардың қатары арта берсін!
Еріктілер жылы құтты болсын!

Қаралым саны: 34