Дмитриевка ауылдық кітапханасында «V Құрылтай қорытындысы – елімізге жаңа кезеңді бастап беретін бағдар» атты ақпарат сағаты әкімшілік ұжымымен бірлесе отырып өткізілді. Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Исенкенов Д. Қ. өз ойымен бөлісті.
Қазақстан Республикасының Президенті өз сөзінде бірқатар өзекті мәселелерді атап көрсетті. Ел дамуының алдағы кезеңіне арналған салмақты әрі байыпты шешімдерін жариялап, мүлде жаңа конституциялық үлгіге көшетін мемлекет құрылысы жөніндегі ойларына тоқталды.
Сонымен қатар Ұлттық құрылтай аясында Премьер-Министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның кітапхана мәселесін көтеруі қоғамның рухани және зияткерлік дамуына берілген маңызды баға деп санаймыз.
Алматы және Астана қалаларында Президенттік кітапханалардың құрылысы басталатыны айтылды. Бұл орталықтар төл тарихымыз бен мәдениетімізді дәріптейтін маңызды рухани орталықтарға айналады деп атап көрсетілді.
Қаралым саны: 23


