Белоградов ауылдық кітапханасында «Көптілділік – ұлттың күші» тақырыбында танымдық іс-шара өтті.
Іс-шараның мақсаты – қатысушылардың бірнеше тілді үйренуге деген қызығушылығын арттыру, тіл білудің адам өміріндегі маңызын түсіндіру және көптілді болуға ынталандыру.
Кездесу барысында қатысушылар тілдің ұлт мәдениеті мен рухани құндылықтарын сақтаудағы рөлі туралы ой бөлісті.
Сонымен қатар, кітапхана қорындағы тіл біліміне, қазақ тіліне, шет тілдерін үйренуге және көптілділікке арналған кітаптармен танысты. Кітаптар арқылы тіл үйренудің мүмкіндіктері және тіл білудің адамның білім көкжиегін кеңейтудегі маңызы туралы әңгіме өрбіді.
14.09.2026
Қаралым саны: 2
Қаралым саны: 2


