Аудандық балалар кітапханасы Алғыс айту күніне орай Тимирязев қазақ мектеп-интернатының 2-сынып оқушыларымен «Алғысым шексіз…» атты танымдық-ойын сағатын өткізді. Іс-шараның мақсаты – балалардың бойында ризашылық, құрмет пен мейірімділік сезімдерін қалыптастыру, достық пен бірлікті нығайту.
Кездесу басында ата-аналар мен ұстаздарға арналған алғыс туралы өлең оқылды. Кітапханашы мерекенің тарихы мен оның еліміздегі түрлі ұлт өкілдері арасындағы татулық пен келісімнің белгісі ретіндегі маңызы туралы айтып берді.
Әңгіме барысында балалар «алғыс» және «ризашылық» сөздерінің мәнін талқылап, өмірден мысалдар келтірді. Бағдарлама аясында «Достық көпірі», «Күншуақ», «Не деу керек?», «Жылы лебіз эстафетасы» ойындары және Отан мен мемлекеттік рәміздер туралы викторина ұйымдастырылды.
Іс-шара жылы, достық атмосферада өтіп, «Алғыс айту күні құтты болсын!» деген ортақ тілекпен аяқталды.

Қаралым саны: 4



