Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Тәлімдік сағат «Мағжан мұрасы»

Тәлімдік сағат «Мағжан мұрасы»

Бүгін – қазақ поэзиясының жарық жұлдызы, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың туған күні.

Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Ғибратты ғұмыр» айдары аясында «Мағжан мұрасы» атты тәлімдік сағат өткізді.

Іс-шара барысында оқырмандар ақынның өмірі мен шығармашылығымен танысып, оның қазақ әдебиеті мен руханиятына қосқан зор үлесі туралы мағлұмат алды.

Мағжанның терең ойлы жырлары, ұлт тағдыры мен болашағына арналған шығармалары кеңінен насихатталды.

✨ «Мен жастарға сенемін!» деген ұлы сенімнің иесі Мағжан Жұмабаевтың мол мұрасы – ұрпаққа мәңгілік рухани қазына.

 

 

25.06.2026
Қаралым саны: 49