«СКО – оқитын өңір» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Солтүстік Қазақстан облысына – 90 жыл» атты ақпарат сағаты өткізілді.
Іс-шара әкімшілік қызметкерлеріне арналды. Оның мақсаты – қатысушыларды Солтүстік Қазақстан облысының құрылу тарихымен, оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму жетістіктерімен таныстыру, туған өлкеге деген құрмет пен патриоттық сезімді қалыптастыру.
Ақпарат сағаты барысында қатысушылар облыстың 1936 жылғы 29 шілдеде құрылғаны туралы мәлімет алып, өңірдің тоғыз онжылдықтағы даму жолымен танысты. Сондай-ақ облыста бой көтерген жаңа нысандар, елдің өркендеуі мен туған өлкенің жетістіктері жайында айтылып, тарихи деректер ұсынылды.
Ақпарат сағаты қатысушылардың туған өлкенің тарихы мен бүгінгі дамуы туралы білімдерін толықтырып, Солтүстік Қазақстан облысының 90 жылдық мерейтойының маңызын насихаттауға ықпал етті.
Кітаппен бірге – болашаққа!

30.07.2026
Қаралым саны: 20
Қаралым саны: 20