Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | «СКО — оқитын өңір»: ұлы ғалыммен танысу

«СКО — оқитын өңір»: ұлы ғалыммен танысу

«СКО — оқитын өңір» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында Михаил Васильевич Ломоносовтың туғанына 315 жыл толуына орай «Бірінші оқымысты, физик, энциклопедист, химик, философ» атты танымдық сағат өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті ғалымның өмірі мен ғылыми қызметі, физика, химия, астрономия және басқа да ғылым салаларының дамуына қосқан үлесі туралы мол мағлұмат алды. Сонымен қатар әлемдік ғылым тарихындағы Ломоносовтың орны мен ағартушылық қызметінің маңызы сөз болды.
#ОқитынӨңір #СКОЧитающийРегион #ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево
 

30.10.2026
Қаралым саны: 1