Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ромен Роллан — француз жазушысы, драматург, публицист

Ромен Роллан — француз жазушысы, драматург, публицист

Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ромен Роллан — француз жазушысы, драматург, публицист» атты библиографиялық сағат өтті. Іс-шара барысында әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты, әлемге танымал француз классигі Ромен Ролланның өмірі мен шығармашылығы оқырмандарға таныстырылды. Жазушының өмірбаяны мен шығармалары бойынша кітап көрмесі ұйымдастырылып, қалың оқырман назарына ұсынылды.

Туғанына 160 жыл толып отырған жазушының еңбектері оқырман сұранысына ие. Ромен Ролланның 1904–1912 жылдар аралығында жазылған он томдық «Жан Кристоф» романы оның әдебиеттегі даңқын асқақтатты. Осы шығармасы арқылы ол әдебиет саласында Нобель сыйлығының лауреаты атанған көрнекті қаламгер ретінде танылды.

28.01.2026
Қаралым саны: 27