Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Патриоттық сағат «Ана тілім – қазақ тілі»

Патриоттық сағат «Ана тілім – қазақ тілі»

Дмитриевка ауылдық кітапханасында ана тіліміздің қадір — қасиетін дәріптеу мақсатында «Ана тілім – қазақ тілі» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушыларға тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі, оның тарихы мен маңызы туралы ақпарат берілді. Ана тілін құрметтеу, оны сақтау және дамыту – әр азаматтың парызы екені айтылды.
Патриоттық сағатқа ауыл тұрғындары мен балалар қатысып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара соңында:
«Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!»
– деген тағылымды сөздермен қорытындыланды.

04.09.2026
Қаралым саны: 5