Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Оқу сағаты «Кітап жақындастырады, оқу біріктіреді»

Оқу сағаты «Кітап жақындастырады, оқу біріктіреді»

«СҚО – оқитын өңір» жобасы аясында Жаркен ауылдық кітапханасының кітапханашысы «Кітап жақындастырады, оқу біріктіреді» ұранымен оқу сағатын өткізді.

Іс-шараға мұғалімдер, мектеп қызметкерлері және ауыл тұрғындары қатысты. Қатысушылар өздерінің сүйікті кітаптарымен бөлісіп, кітап оқудың өмірлеріндегі рөлі туралы әңгімеледі. Сондай-ақ жобаға қолдау көрсету мақсатында фотосессияға қатысты.

Іс-шара кітаптың әртүрлі ұрпақтар мен мамандық иелерін біріктіретінін, кітап оқуға деген қызығушылықты арттырып, рухани құндылықтарды нығайтуға ықпал ететінін көрсетті.

 

 

03.09.2026
Қаралым саны: 3