Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ойын-мереке «Бірлігіміз жарасқан Республика»

Ойын-мереке «Бірлігіміз жарасқан Республика»

📚 Қазақстан Республикасы күні қарсаңында аудандық балалар кітапханасында Тимирязев қазақ мектеп-интернатының 5-сынып оқушыларына арналған ойын-мереке өтті.

Оқушылар танымдық тапсырмалар орындап, тақырыптық суреттер құрастырды, «Асық ату» ұлттық ойынын ойнады, Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен көрікті жерлерін танып, туған ел туралы жұмбақтарды шешті.

Кездесу соңында «Тілек шеңбері» ұйымдастырылып, балалар Қазақстанға бейбітшілік, бірлік пен өркендеу тіледі. Мерекелік көңіл күйді шағын сыйлықтар мен естелік сурет толықтырды.

Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастырып, ұлттық дәстүрлерге құрмет пен туған ел тарихына деген қызығушылықты арттырады.

 

 

27.10.2026
Қаралым саны: 6