29 қазанда орталық аудандық және балалар кітапханаларының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын талқылады.
Талқылау барысында 2027 жылды Жалпыұлттық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау бастамасына, соның ішінде кітапханалар мен ғылыми орталықтарды дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазіргі заманғы кітапхана — тек кітап қоры ғана емес, сонымен қатар қарым — қатынас жасауға, өздігінен білім алуға және жаңа жаңалықтар ашуға мүмкіндік беретін кеңістік. Мұндай мүмкіндіктер қала тұрғындарына ғана емес, ауыл тұрғындарына да қолжетімді болуы маңызды.
Қатысушылар кітапхана инфрақұрылымын дамыту, цифрлық технологияларды енгізу және кітап оқуды насихаттау балаларға, жастарға және ауданның барлық тұрғындарына жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
#ПрезидентЖолдауы #ТимирязевАуданыныңКітапханалары #ОқуМәдениеті #СҚОКітапханалары #СҚООқитынӨңір
30.10.2026
Қаралым саны: 1
Қаралым саны: 1

