Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | «Менің Қазақстаным» әніне – 70 жыл

«Менің Қазақстаным» әніне – 70 жыл

Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Менің Қазақстаным» әніне – 70 жыл» атты таныстыру сағатын өткізді.

1956 жылы жазылған бұл әннің сөзін Жұмекен Нәжімеденов, ал әнін атақты композитор Шәмші Қалдаяқов жазған.

Қазіргі таңда «Менің Қазақстаным» әні – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны. 2006 жылдың 6 қаңтарынан бастап Тәуелсіз Қазақстанның Әнұраны ретінде орындалып келеді.

Іс-шараның мақсаты – оқырмандарды Әнұранның тарихымен тереңірек таныстыру. Кітапханада көрме ұйымдастырылып, онда мемлекеттік рәміздеріміздің бір бөлшегі – Әнұран екені түсіндірілді.

Бұл іс-шара Егеменді ел болғанымыздың 35 жылдығына орай ұйымдастырылды.

02.03.2026
Қаралым саны: 6