Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Литературная гостиная «Жусан иісті жыр әлем»

Литературная гостиная «Жусан иісті жыр әлем»

Аудандық балалар кітапханасы Тимирязев қазақ мектеп-интернатының 8-сынып оқушыларына арнап, қазақ жазушысы Сайын Мұратбековтің туғанына 90 жыл толуына орай «Жусан иісті жыр әлем» атты әдеби қонақ бөлмесін өткізді.

Іс-шара барысында оқушылар жазушының өмірі мен шығармашылығы туралы бейнепрезентацияны тамашалап, қазақ ауылының тыныс-тіршілігін, соғыс жылдарындағы балалар тағдырын, мейірімділік, достық және туған жерге деген сүйіспеншілік тақырыптарын арқау еткен шығармаларымен танысты.

Әсіресе «Жусан иісі» әңгімесіне, оның басты кейіпкері Аянға және баланың күрделі тағдырына ерекше назар аударылды. Оқушылар «Зерек болсаң, тауып көр!» және «Әдебиет әлеміне саяхат» атты әдеби викториналарға қатысып, «Ауыл балалары» және «Жусан» карточкаларымен жұмыс жасады. «Жусан иісі» және «Жабайы алма» шығармаларын талқылады.

«Туған жерім – тұғырым» атты әңгіме барысында туған өлкенің маңызы, балалық шақ естеліктері мен кіші Отанға деген сүйіспеншілік туралы ой бөлісті. Мерейтойға орай кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашы ұсынылған әдебиеттерге шолу жасап, оқушыларды жазушының шығармашылық мұрасымен таныстырды.

 

 

06.11.2026
Қаралым саны: 1