Аудандық балалар кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай қазақ мектеп-интернатының оқушылары арасында «Рәміздерім – мақтанышым» атты квиз — турнир өткізілді. Іс-шара Мемлекеттік Гимнді орындаудан басталып, қатысушылар Қазақстанның Туы, Елтаңбасы мен Гимнінің тарихы, маңызы және рәміздік мәні туралы білімдерін зияткерлік кезеңдерде сынады. Сондай-ақ финалдық блицте өздерінің білімдерін, тапқырлығы мен жылдам ойлау қабілеттерін көрсетті. Іс-шара соңында оқушыларға ұлттық рәміздер бейнеленген әуе шарлары табысталып, мерекелік құттықтаулар айтылды.
04.06.2026
Қаралым саны: 23
Қаралым саны: 23



