Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Көрнекті жерлесіміз — Сугуров Ұлан Қаженұлына 85 жыл

Көрнекті жерлесіміз — Сугуров Ұлан Қаженұлына 85 жыл

Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Көрнекті жерлесіміз — Сугуров Ұлан Қаженұлына 85 жыл» атты таныстыру сағатын өткізді. Ол — өскелең ұрпаққа үлгі болатын азамат. Ынтымақ ауылының көрнекті тұрғыны, ауыл құрылған кезде небәрі 10 жаста болған.

1940 жылы 12 қазанда Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданының Бостандық ауылында ауыл мұғалімдерінің отбасында дүниеге келген. 1958 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы Комсомол орта мектебін бітіріп, еңбек жолын сол жылы «Степной» кеңшарында тракторшы болып бастады.

1960 жылы С.М. Киров атындағы Омбы ауыл шаруашылығы институтына түсіп, 1965 жылы инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдады. Институтты бітіргеннен кейін 1966 жылдың маусым айына дейін Тимирязев аудандық ауыл шаруашылығы басқармасында аға энергетик болып жұмыс істеді.

1966 жылдың маусымынан 1977 жылдың тамызына дейін Тимирязев ауданындағы «Москворецкий» совхозының бас инженері қызметін атқарды. 1977 жылдың тамыз айынан 1981 жылдың маусым айына дейін сол аудандағы Ленин совхозының директоры болды.

1981 жылдың маусымынан 1990 жылдың маусымына дейін облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының механикаландыру жөніндегі орынбасары және облыстық агроөнеркәсіп комитеті төрағасының ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

1990 жылдың маусымынан 1992 жылдың сәуіріне дейін Мәскеу жемшөп институтының Солтүстік Қазақстан филиалының директоры қызметін атқарды. 1992 жылдың сәуірінен 1997 жылдың қаңтарына дейін «Москворецкий СЕВ» мекемесінің директоры болып еңбек етті. 1997 жылдың сәуір айынан бастап «Саяғаш» шаруа қожалығын басқарды.

Ол үш қыздың әкесі, үш жиеннің, екі немеренің және екі шөберенің сүйікті атасы.

1974 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен, 1980 жылы «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған. Сондай-ақ «Еңбек ерлігі үшін», «Еңбек белгісі», «Еңбек ардагері», «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген рационализаторы» медальдарының иегері.

Ол облыс басшылығынан, Ауыл шаруашылығы министрлігінен, ауыл шаруашылығы кәсіподақ ұйымдарынан және аудандық басшылардан көптеген Алғыс хаттарға ие болған.

Сугуров Ұлан Қаженұлы КСРО көлемінде алғашқылардың бірі болып К-700 тракторын меңгерген. Сондай-ақ №2 және №3 сериялы К-700 тракторларын игерген білікті маман ретінде танылған.

https://www.facebook.com/share/r/174i1AwSvz/?mibextid=wwXIfr

08.10.2025
Қаралым саны: 86