«СҚО – оқитын өңір» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған іс-шара өткізді.
Іс-шараға Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Дулат Исенкенов қатысты.
XXI ғасыр – жаһандық технологиялар мен ақпараттың қарқынды дамыған заманы. Дегенмен, қанша уақыт өтсе де, кітап оқу өзінің маңызын жоғалтпайды. Кітап – адамның ой-өрісін кеңейтіп, білімін арттыратын және рухани дүниесін байытатын баға жетпес қазына.
Іс-шара барысында қатысушылар кітап оқудың маңызы туралы ой бөлісіп, рухани білім мен құндылықтарды насихаттаудың маңызын атап өтті.
«Ел болып рухани азық жинайық! Тимирязев ауданы оқитын өңірлер қатарында әрдайым алдыңғы орында болсын!» деген ізгі тілекпен іс-шара қорытындыланды.
Кітаппен бірге – болашаққа! 📖
#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #БиблиотекиТимирязево
13.08.2026
Қаралым саны: 12
Қаралым саны: 12

