Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру

Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру

Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру» Жарлығы туралы жасөспірім балалар арасында ақпарат сағатын өткізді. Кітап — білімге, адамгершілікке жетелейді. Бұл жай ғана құжат емес, бұл — ұлттық сананы жаңғыртудың стратегиялық қадамы.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығы — қоғам үшін өте маңызды бастама деп ойлаймын. Бұл құжат кітапқа деген көзқарасты өзгертіп, оқу мәдениетін дамытуға жаңа серпін беретіні анық.

Жуырда әлеуметтік желіден «Кітап оқитын адам бір өмір емес, мың өмір сүреді» дегенге саяр әдемі ойды көзім шалып қалды. Расында да, кітап адамға тек ақпарат беріп қана қоймай, түрлі тағдырды, түрлі ойды, түрлі дәуірді тануға мүмкіндік береді. Қазір ақпарат көп болғанымен, терең ойлап, саралап оқитын адам азайып бара жатқандай. Осындай кезде кітаптың орны ерекше. Кітап адамды ойлануға, ізденуге, пайым жасауға үйретеді. Сондықтан бұл бастама, әсіресе жастар үшін, өте қажет.

18.05.2026
Қаралым саны: 5