Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Кітап акциясы «Кітаппен бірге болашаққа!»

Кітап акциясы «Кітаппен бірге болашаққа!»

📚 «Кітаппен бірге болашаққа!» кітап акциясы

«Солтүстік Қазақстан – оқитын аймақ» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасы ауыл тұрғындары арасында «Кітаппен бірге болашаққа!» атты кітап акциясын өткізді.
Ауыл тұрғындары кітапханаға шақырылып, өз қызығушылықтарына сай кітаптар таңдауға мүмкіндік алды. Оқырмандарға түрлі жанрдағы және тақырыптағы шығармалар ұсынылып, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға және кітаптың адам өміріндегі маңызын насихаттауға көңіл бөлінді.
Оқитын ұлт – кітаппен бірге болашаққа!

02.09.2026
Қаралым саны: 8