Дмитриевка ауылдық кітапханасы: Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдығына орай «Ғибратты ғұмыр» айдары аясында таныстыру сағаты өтті.
Қажымұқан Мұңайтпасұлы – әлемдік аренаны бағындырған тұңғыш қазақ балуаны. Ол 50-ден астам елде өнер көрсетіп, Иван Поддубный, Георг Гаккеншмидт сияқты әйгілі балуандармен белдесіп, талай додада жеңіске жеткен.
Балуан француз күресінен әлем чемпионы атанып, өмірінің 55 жылын спортқа арнаған күш иесі. Ел намысын қорғаған қайсар азамат халық жадында мәңгі сақталған ұлы тұлға.
13.04.2026
Қаралым саны: 12
Қаралым саны: 12

