Дмитриевка ауылдық кітапханасы «Қазақтың ғарышкерлері» атты патриоттық сағатты жасөспірімдер арасында мәдени орталықта өткізді. Іс-шара барысында әр ғарышкер туралы ақпарат берілді. Қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров биыл 80 жасқа толып отыр. Ұлт мақтаныштары Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетов — ғарышты бағындырған нағыз ержүрек батырларымыз. Сонымен қатар, ғарышқа алғаш ұшқан Ю. Гагарин туралы да мәлімет берілді. Ғарыш кеңістігі мен еліміздегі «Байқоңыр» аймағы туралы айтылды. Іс-шараның мақсаты — балалардың патриоттық сезімін ояту.
10.04.2026
Қаралым саны: 18
Қаралым саны: 18


