Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Қарттарымыз – асыл қазынамыз

Қарттарымыз – асыл қазынамыз

Дмитриевка ауылдық кітапханасында 1 қазан – Қарттар күніне орай «Қарттарымыз – асыл қазынамыз» атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында ауылдың ардагерлерімен жылы жүздесу ұйымдастырылып, үлкен буын өкілдерімен әңгіме жүргізілді. Қатысушыларға кітап оқудың маңызы айтылып, «Кітап оқитын ұлт» республикалық оқу марафонына қатысуға шақырылды.

Қазыналы қарттарымыз әрдайым ортамызда болып, кейінгі ұрпаққа ақыл-кеңестерін айтып, бағыт-бағдар бере берсін!

Барша аға буын өкілдерін мерекелерімен құттықтаймыз! Әр күндері қуанышқа, шаттыққа және жақсы көңіл-күйге толы болсын!

 

 

30.09.2026
Қаралым саны: 1