Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Гендерлік теңдік – заман талабы

Гендерлік теңдік – заман талабы

16 қыркүйекте Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Гендерлік теңдік – заман талабы» атты ақпараттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында қатысушылар қазіргі қоғамдағы әйелдердің рөлі, олардың құқықтары мен мүмкіндіктері туралы пікір алмасты. Бүгінде әйелдер ер азаматтармен қатар жауапты қызметтер атқарып, кәсіби жетістіктерге жетіп, еліміздің дамуына елеулі үлес қосуда.

Қамқор ана әрі табысты маман болу – көптеген әйелдердің өміріндегі маңызды міндеттердің бірі. Қазақстанда ана мен отбасын қолдауға, әйелдер мен балалардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шаралар да жүзеге асырылуда.

 

20.10.2026
Қаралым саны: 0