Дмитриевка ауылдық кітапханасы “Ертегілер әлеміне саяхат” атты іс-шараны кішкентай бүлдіршіндер арасында өткізді. Шара барысында ертегілер әлеміндегі түрлі кейіпкерлер бейнеленіп, балаларға танымдық әсер сыйлады.
Ертегі — ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Онда көбінесе өмірде сирек кездесетін немесе мүлде болмайтын қиял —ғажайып оқиғалар баяндалады. Ертегілер ауызша айтылып, ел жадында ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан — ұрпаққа жалғасып бүгінгі күнге жеткен. Іс-шараның негізгі мақсаты — балалардың ақыл-ойын, сөздік қорын дамыту, оларды ұқыптылыққа, жан-жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.
21.07.2025
Қаралым саны: 47
Қаралым саны: 47