Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ертегілер әлеміне кітаппен саяхат» атты тәлімдік сағат өткізілді. Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндер кітапханаға келіп, кітаптармен танысты.
Таза ауада ертегілер оқылып, балалар қызығушылықпен тыңдады. Ертегі тыңдаған әрбір бала кітап арқылы қиял әлеміне саяхат жасайды.
Іс-шараның мақсаты – балаларды кішкентай кезінен кітаппен таныстырып, кітапханаға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқуға баулу. Оқитын, зерделі ұрпақ көп болсын!

03.08.2026
Қаралым саны: 6
Қаралым саны: 6

