Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Экстремизмге жол жоқ: заң және жауапкершілік

Экстремизмге жол жоқ: заң және жауапкершілік

Жарқын ауылында орта буын оқушылары арасында «Экстремизмге жол жоқ: заң және жауапкершілік» атты ақпараттық-құқықтық бағыттағы түсіндіру әңгімесі өткізілді. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерге экстремизмнің мәні мен қоғамға төндіретін қаупін ұғындыру, сондай-ақ заң алдындағы жеке жауапкершілікті сезіндіру болды.

Кездесу барысында оқушыларға экстремизм ұғымы, оның түрлері, сондай-ақ экстремистік әрекеттер үшін қарастырылған қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік туралы кеңінен ақпарат берілді. Мамандар нақты өмірлік мысалдар келтіріп, заң бұзушылықтың салдары жөнінде түсінік қалыптастырды. Іс-шара аясында оқушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, талқылауға белсенді қатысты. Мұндай форматтағы кездесулер жас буынның сыни ойлау қабілетін дамытып, құқықтық сауаттылығын арттыруға, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.

27.04.2026
Қаралым саны: 7