Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | «Демалысты кітаппен бірге өткізейік» атты тәлімдік сағат өткізілді

«Демалысты кітаппен бірге өткізейік» атты тәлімдік сағат өткізілді

Кітапханаға келген балаларға түрлі жанрдағы қызықты кітаптар ұсынылды. Шара барысында қатысушыларды кітаппен дос болуға, кітап оқуға баулу мақсат етілді.

Кітап – білімнің кілті. Кітап оқыған адам көп нәрсе біледі, дүниетанымы кеңейеді. Демалысты кітаппен өткізейік! Мақсаты: ата-аналар мен оқушыларды кітап оқуға тарту, кітап оқитын ортаны қалыптастыру, оқырмандардың назарын кітапқа аудару, кітаптың адам өміріндегі орнын түсіндіру. Сонымен қатар, мәдениетті, парасатты, рухани дүниетанымы кең, еңбекқор ұрпақ тәрбиелеу, кітапты қадірлеуге баулу және көркем әдебиетке қызығушылығын арттыру көзделді. Бүгінгі таңда балалардың теледидар, компьютер мен ұялы телефон алдында өткізетін уақытын азайтып, олардың назарын кітап оқуға аудару – өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

 

30.10.2025
Қаралым саны: 20