«100 кітап» жалпыұлттық жобасын насихаттау аясында аудандық балалар кітапханасы ұлы қазақ ақыны, ойшылы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Қара сөздері» атты буктрейлерді тамашалауға шақырады.
Бейнероликке қазақ мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Мақсаты — Абай мұрасын насихаттау, оқуға деген қызығушылықты арттыру және жас ұрпақты ұлттық мәдениет пен дәстүрлі құндылықтарға баулу.
#ДеньАбая
#180Абай
#Абайкүні
#100Книг
#100кітап

17.07.2025
Қаралым саны: 56
Қаралым саны: 56