Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | «Батырлықтың мәңгілік шуағы Әлия Молдағұлова» бейне ақпараты

«Батырлықтың мәңгілік шуағы Әлия Молдағұлова» бейне ақпараты

«Қаһармандарымызды қастерлейік!» патриоттық жобасы аясында аудандық балалар кітапханасы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған «Батырлықтың мәңгілік шуағы Әлия Молдағұлова» атты бейнематериалды ұсынады.

Бейнематериалда қазақтың қаһарман қызы, ержүрек снайпер Әлия Молдағұлованың өмір жолы мен ерлігі жайлы баяндалады. Сюжетте оның өмірбаянындағы негізгі кезеңдер, Ленинград майданындағы шайқастарға қатысуы және бүгінгі ұрпақ үшін оның ерлігінің маңызы көрсетіледі.
Іс-шараның мақсаты — Әлияның ерлігін насихаттау, жастардың бойында патриоттық рухты, Ұлы Отан соғысы батырларына деген құрмет пен тарихи жадыны сақтау сезімін тәрбиелеу.

 

06.10.2025
Қаралым саны: 102