Аудандық балалар кітапханасы Ұлы Отан соғысының батыры Ысқақ Ибраевтың туғанына 115 жыл толуына арналған «Батыр рухы – ел жадында» атты батылдық сағатын дайындады.
Іс-шараның мақсаты – тарихи жадыны сақтау, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру, батырлардың ерлігіне құрмет пен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру. Бейнероликте Солтүстік Қазақстан облысының тумасы Ысқақ Ибраевтың өмірі мен жауынгерлік жолы таныстырылды. Оның Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ерлігі мен батырлығына ерекше назар аударылды. Көрсеткен ерлігі үшін ол Кеңес Одағының Батыры атағына ие болып, Ленин орденімен және «Қызыл Жұлдыз» медалімен марапатталған.
Сондай-ақ батырдың есімі көшелерге берілгені айтылып, оның ерлігі жас ұрпаққа үлгі екені атап өтілді.

Қаралым саны: 26