Дмитриевка ауылдық кітапханасы:
«Бақыт бірлігі жарасқан елге қонады» атты ақпарат сағатын өткізді. Іс-шара 18 қазан — Татулық пен келісім күніне орай ұйымдастырылды.
Татулық пен келісім – ел бірлігінің, бейбітшіліктің және тұрақтылықтың негізі. Бұл күн – түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің өзара сыйластығын, бір — біріне деген құрметі мен түсіністігін дәріптейтін ерекше мереке.
Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Мұнда жүзден астам этнос өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді.
Татулық – елдің ең басты байлығы. Халқымыз «Бірлік бар жерде тірлік бар» деп бекер айтпаған. Келісім мен бейбіт өмірдің арқасында еліміз өркендеп, биік жетістіктерге жетіп отыр. Бұл күні адамдар бір-біріне ізгі тілектер айтып, достық пен өзара түсіністікті дәріптейді. Татулық пен келісім — әрбір жүректе сақталуға тиіс қасиет.
Қаралым саны: 59


