Дмитриевка ауылдық кітапханасында әкімшілік қызметкерлерінің қатысуымен «Аты тарихта қалған режиссер – Абдулла Қарсақбаев» атты таныстыру сағаты өтті.
Кездесу барысында қазақ кино өнерінің дамуына зор үлес қосқан, артында өшпес мұра қалдырған көрнекті режиссер Абдулла Қарсақбаевтың өмірі мен шығармашылығы таныстырылды. Биыл қазақ киносының майталманының туғанына 100 жыл толып отыр.
Қатысушыларға режиссердің әйгілі «Менің атым Қожа» фильмі және басқа да кинотуындылары туралы ақпарат беріліп, оның қазақ кино өнеріндегі орны мен шығармашылық мұрасы сөз болды.
#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево #СКОЧитающийРегион

20.11.2026
Қаралым саны: 9
Қаралым саны: 9


