Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | 📚 «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге»

📚 «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге»

«Солтүстік Қазақстан – оқитын өңір» жобасы аясында Дмитриевка ауылдық кітапханасында Абай күніне арналған «Артық білім кітапта, ерінбе оқып көруге» атты іс-шара өтті.

Іс-шараға ауыл тұрғындары мен балалар қатысты. Негізгі мақсат – ұлы ақын, ойшыл әрі ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармаларын насихаттау, оқырмандарды оның кітаптарын оқуға шақыру және ақынның рухани мұрасын кеңінен таныту.

Бір апта бойы кітапханада Абай оқуларына ерекше көңіл бөлініп, оқырмандарға ақынның шығармалары ұсынылды. Қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздері арқылы білімге, еңбекке, адамгершілікке және ізденіске үндейтін тағылымды ойлармен танысты.

📖 Абай мұрасы – ұрпаққа аманат, кітап – білім мен руханияттың қайнар көзі!

Кітаппен бірге – болашаққа! 📚🇰🇿

#ОқитынҰлт #ЧитающаяНация #СКОЧитает #СевероКазахстанскаяОбласть #СамыйЧитающийРегион #БиблиотекиСКО #КнигаОбъединяет #КультураСКО #ЧитающийРегион #БиблиотекиКазахстана #БиблиотекиТимирязево

 

 

10.08.2026
Қаралым саны: 10