Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Ән өнерінің саңлағы – Әлібек Дінішев» атты таныстыру сағаты өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар көрнекті опера әншісі Әлібек Дінішевтің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Ол академиялық музыкамен қатар қазақтың халық әндерін және қазақстандық композиторлардың шығармаларын жоғары деңгейде орындайды. Әлемнің көптеген елдерінде, Еуропаның ірі концерт залдарында камералық бағдарламалармен өнер көрсеткен. Сондай-ақ Мәскеудегі Үлкен театрдың қойылымдарына қатысқан.
1997 жылы жезтаңдай әнші Әлібек Дінішев өзінің «Әлібек Дінішевтің вокал академиясын» ашты.

20.07.2026
Қаралым саны: 42
Қаралым саны: 42

