Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Алкоголь адамның тұлғасын бұзады

Алкоголь адамның тұлғасын бұзады

Белоградов ауылдық кітапханасында «Алкоголь адамның тұлғасын бұзады» тақырыбында бейресми талқылау сағаты ұйымдастырылды.

💬 Кездесу барысында қатысушылар алкогольдің адам ағзасына және психологиялық жағдайына тигізетін зияны жөнінде кеңінен ақпарат алып, тақырып төңірегінде өз ой-пікірлерімен бөлісті. Еркін пікір алмасу барысында денсаулықты сақтау, дұрыс өмірлік таңдау жасау және бос уақытты тиімді пайдалану мәселелері талқыланды.

📖 Сонымен қатар, қатысушылар кітапхана қорындағы спорт, денсаулық және салауатты өмір салтына арналған кітаптармен танысты. Кітап көрмесі арқылы пайдалы әдеттерді қалыптастырудың және дене белсенділігін арттырудың маңыздылығына назар аударылды.

🌱 Іс-шара қатысушыларды денсаулықтың қадірін түсінуге, өз өміріне жауапкершілікпен қарауға және салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.

💚 Денсаулық – баға жетпес байлық! Салауатты ұрпақ – кемел келешек негізі!

#ЗерделіҰлт #КітапОқитынҰлт #ЧитающаяНация #БиблиотекиТимирязево #СКОЧитающийРегион

 

 

16.11.2026
Қаралым саны: 3