1 наурызда бүкіл Қазақстан Алғыс айту күнін атап өтеді, ол өткенге құрмет және жер аудару кезінде қоныс аударған өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына ризашылығын білдіретін күн.
Дмитриевка ауылдық кітапханасы Рухани қазына орталығында «Алғыс айту – адамгершілік» атты кездесу ұйымдастырылды Мерекелік шарада естелік күннің тарихы, оның ұлтаралық келісімді нығайтудағы маңызы мен рөлі айтылды.
Этномәдени бірлестіктердің өкілдері өз халқының салт-дәстүрлері туралы айтып, ұлттық киімдердің элементтерін көрсетті, қонақжайлылық әдет-ғұрыптарымен бөлісіп, барлық қатысушыларға алғыстарын білдірді.
Мерекелік кездесу бірлік пен келісімнің жарқын үлгісі болды, достық байланыстарды нығайтып, бір-біріне алғыс білдіру, мейірімділік пен қолдау көрсетудің маңыздылығын тағы да еске салды.

Қаралым саны: 15