Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Ақпараттық сағат «Иненің ұшындағы тағдыр»

Ақпараттық сағат «Иненің ұшындағы тағдыр»

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Дмитриевка ауылдық кітапханасында «Иненің ұшындағы тағдыр» атты ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас ұрпаққа нашақорлықтың зияны мен оның адам өміріне тигізетін кері әсерін түсіндіру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттерден аулақ болуға шақыру.

Кездесу барысында қатысушыларға есірткінің денсаулыққа, қоғамға және болашаққа тигізетін зардаптары туралы ақпарат беріліп, пайдалы кеңестер ұсынылды. Жастар белсенді түрде пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.

 

 

27.06.2026
Қаралым саны: 11