Райондық балалар кітапханасында қазақтың ұлы ағартушысы, педагогі әрі жазушысы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына орай «Ыбырай мұрасы – ұрпақ қазынасы» атты әдеби-танымдық сағат өткізілді.
Кездесуге Тимирязев қазақ мектеп-интернатының тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара ағартушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыруға, әдеби мұрасын насихаттауға, қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты арттыруға бағытталды. Оқушылар Ыбырай Алтынсариннің өмірбаянын, педагогикалық қызметін және білім беру саласының дамуына қосқан үлесін еске түсірді. Оның жақсылыққа, еңбекқорлыққа, адалдыққа және білімге ұмтылуға тәрбиелейтін шығармаларына ерекше назар аударылды.
Балаларға арналған «Мақал – сөздің мәйегі», «Кім жылдам?», «Кейіпкерді тап», «Ойлан, тап!», «Мақалдың жалғасын тап» атты әдеби ойындар мен зияткерлік тапсырмалар, сондай-ақ «Сөзжұмбақ: АЛТЫНСАРИН» атты топтық жұмыс ұйымдастырылды. Қатысушылар сұрақтарға жауап беріп, анаграммаларды шешті, әдеби кейіпкерлерді танып, халық мақал-мәтелдерін еске түсірді.

Қаралым саны: 0


