Дмитриевка ауылдық кітапханасында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне орай экология сағаты өткізілді. Іс-шара балалар мен ауыл тұрғындарының қатысуымен өтті.
🌍 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні 🌿
Таза ауа, мөлдір су, жасыл орман мен сан алуан жануарлар әлемі – табиғаттың бізге берген баға жетпес байлығы. Оны сақтау және келер ұрпаққа аман жеткізу – баршамыздың ортақ міндетіміз.
Қоршаған ортаны қорғау күні табиғатқа жанашырлық танытып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға үндейді. Әрбір отырғызылған ағаш, жиналған қоқыс және табиғатқа деген жауапкершілік – қоршаған ортаны қорғауға қосылған маңызды үлес.
08.06.2026
Қаралым саны: 15
Қаралым саны: 15

