1 қарашада орталық аудандық кітапхананың оқу залында Тимирязев ауданының мәдениет қызметкерлерінің жиналысы өтті. Жиналысқа Тимирязев ауданы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жұмабаева М.М. төрағалық етті.
Баяндама жасаған ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Тасқынбай А.Т. болды. Жиналыс барысында аудандық мәдениет үйінің директорының міндетін атқарушы Сыздыков Э.З. және «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ басшысының міндетін атқарушы Қошқарбаева А.Ғ. ағымдағы жылдың 10 айындағы атқарылған жұмыстар туралы есептерін тыңдады. Тимирязев ауданы әкімінің орынбасары Жұмабаева М.М. кітапханашылар мен мәдениет ұйымдастырушыларының басты міндеттерін айқындап, алдағы жұмыс жоспарын және басым бағыттарды белгіледі.
Қаралым саны: 170