«Зорлық — зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында түсіндіру және алдын алу бағытында түрлі ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Кездесу барысында қатысушыларды акцияға өз үлесін қосуға, қоғамдағы зорлық-зомбылықтың кез келген түріне бейжай қарамауға шақырдық. Іс-шараға Дмитриевка ауылдық округінің әкімі Есенкенов Дулат Қайруллоұлы қатысты. Кездесуде тұрмыстық, отбасылық және мектептегі зорлық — зомбылықтың түрлері, оның салдары, сондай-ақ заң алдындағы жауапкершілік туралы мағлұмат берілді. Іс-шараның мақсаты — зорлық-зомбылыққа қарсы ұстанымды қалыптастыру, азаматтардың өз қауіпсіздігін сақтауға арналған дағдыларын дамыту.
24.11.2025
Қаралым саны: 58
Қаралым саны: 58




