Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Заңғар жазушы - Ғабит Мүсірепов

Заңғар жазушы - Ғабит Мүсірепов

Дмитриевка селолық кітапханасы "Заңғар жазушы - Ғабит Мүсірепов" атты патриоттық тәрбие сағатын ұсынады. Аты аңызға айналған өңірімізден шыққан танымал жазушы. Ғабит Мүсірепов 1902 жылы 22 наурызда қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, "Жаңажол" ауылында дүниеге келген. Тоғыз жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныған. 1923 жылы Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетіне (рубфакқа) түсіп онда үш жыл оқыды. Сонда белгілі ақын Сакен Сейфуллинмен танысқан. 1926 жылы рубфакты бітіріп, тұңғыш шығармаларын жаза бастады. 1927 жылы "Тулаған толқындар" повесін жазды. 1938-1955 жылдар аралығында өмірін  біріңғай жазушылық жұмыспен айналысқан. Он жыл 1955-1966 жылдары "Ара" журналының бас редакторы, Қазақстан  Жазушылар Одағының басқармасының бірінші хатшысы болып істеген. Бүгінгі іс шара өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында  жүргізді. Кітаптары көрмеге қойылып, оқуға ұсынылды.

https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=pfbid02mGLfD3HFwNfEXzYMfh1tmWh58Kx1WEfLQr4gapqZMKcMS4NNqf5y13XzbhVJ5NLil&id=100022799556592

Заңғар жазушы - Ғабит Мүсірепов

10.10.2022
Қаралым саны: 172