Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» | Жаз қызығы - кітаппен

Жаз қызығы - кітаппен

Бақытты балалық шақ!

Балалар үшін жылдың ең сүйікті мезгілі – жаз!

Жазғы демалыс – балалардың дамуы, тәрбиесі мен денсаулығы үшін өте маңызды кезең.

Балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында Дмитриевка ауылдық кітапханасы “Жаз қызығы – кітаппен” атты таныстыру сағатын өткізді.

Шара барысында балаларға кітапханамыздағы ертегі кітаптар мен олардың кейіпкерлері таныстырылып, қызықты ойындар ойнатылды. Қуаныш пен шаттыққа толы балалық шақтан асқан сұлулық жоқ. Бүлдіршіндер бейбіт өмірде бақытты балалық шақтың бал дәмімен өсіп-жетіле берсін!

 

02.06.2025
Қаралым саны: 102