Дмитриевка ауылдық кітапханасы "Ұстазды ұлықтау, ұлы іс" - атты тәлімдік сағатын кітапханада өткізді. Бүгін математика пәнінің мұғалімі Лагутцева Валентина Анатольевна қонағымыз болды. Дмитриевка орта мектебінде қызмет еткеніне 38 жыл. Осы елде туған және өзі туған елінде үздіксіз ұстаздық етуде. Осы жылдардың ішінде еңбегі еленіп құрметке ие болған. Ұстазына еліктеп математика пәнінен мұғалім болып жүрген шәкірттерін мақтанышпен айтты, Шаймерденов Абзал, Люберанцкая Света. Өз шәкірттеріне сүйіспеншілікпен қарайтын үлгілі ұстаз. Үлгілі ұстаз үздіксіз ізденіс пен тынбай еңбек етіп отырған маман. Мерекемен құттықтап зор денсаулық тіледік.
04.10.2023
Қаралым саны: 81
Қаралым саны: 81